Юлия Мясникова жарақатына байланысты Қазақстан әйелдер құрамасының алдағы матчтарында көмектесе алмайды. ЦСКА клубының қорғаушысы жарақатына байланысты Еуро-2025 іріктеу кезеңіндегі Арменияға қарсы өтетін екі ойынға қатыспайды. Сондай-ақ ол бұған дейін Ресей әйелдер суперлигасында ЦСКА-ның төрт ойынын өткізіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы екі матчқа дайындық өткізді. Мадияр Кембілов командасының оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласында өтті. Бүгін, 28 мамырда Қазақстан құрамасы Арменияға жолға шықты.
Біздің құрама алғашқы ойынын 31 мамырда Арменияға қарсы өткізеді. Матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.