Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтеді

Азия құрлығының 27 елінен келген командалар жарысқа қатысатынын растады.

Азия Чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан ерлер құрамасының құрамы белгілі болды. Велоспорттан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Даниил Фоминых Азия біріншілігінде бақ сынайтын шабандоздар құрамын жариялады. Чемпионат Алматыда 5-12 маусым аралығында өтеді.

Жарыс бағдарламасына элита, жасөспірімдер, қыздар және пара-спортшылар арасындағы сайыстар кіреді. Сонымен қатар, «Мастер» санатында велошабандоздар арасында жарыстар өтеді. Барлық жарыстар индустриялық аймақта өтеді.

Велододаға ұлттық құрама көшбасшысы Алексей Луценко қатыса алмайды. Бұл туралы аға жаттықтырушы Даниил Фоминых былай дейді:

«Өкінішке қарай, биыл күнтізбедегі Азия чемпионаты Astana Qazaqstan Team қатысатын ірі халықаралық жарыстармен тұспа-тұс келді. 2024 жылғы чемпионаттың мерзімі сәл кейінірек жарияланғандықтан, Париждегі Олимпиадаға дайындық ретінде Луценко қазақстандық велокомандамен бірге басқа жарыстарға қатысатыны алдын ала жоспарланып қойған. Бүгінде Алексейдің денсаулығы жақсы және жаттығуын жалғастыруда. Алматыда өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамамыздың шабандоздарына тоқталар болсақ, біз ең мықты команда жасақтадық»,- деді Фоминых.

Азия чемпионатында өнер көрсететін қазақстандық шабандоздар:

Андер-ерлер:

Жекелей жарыс — Ремхе Андрей

Топтық жарыс — Винокуров Николя, Алиев Руслан, Ремхе Рудольф, Ремхе Андрей

Элита санаты, ерлер:

Эстафета — Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь

Жекелей жарыс — Федоров Евгений

Топтық жарыс — Федоров Евгений, Брусенский Глеб, Гидич Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz