Елена Рыбакина екінші айналымда әлемдік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен өзара мықтыны анықтады. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Елена ойындағы басымдықты толық қолға алды. Есеп – 6:4.
Естеріңізге сала кетейік, Рус бес WTA турнирінің жеңімпазы және жасөспірімдер рейтингіндегі әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы.
Қазақстандық теннисші келесі кезеңде екінші айналымда хорватиялық Петра Мартичті ұтқан бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды — 6:4, 6:3. Матч 31 мамырға жоспарланған.
Өкінішке қарай Юлия Путинцева Париждің топырақ төсенішті корттарында өтіп жатқан теннистен Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) үшінші кезеңіне өте алмады. Екінші айналымдағы кездесуде WTA рейтингінде 39-шы орында тұрған Путинцева әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық 2:4 есебімен жеңілгенімен, ойынның бағытын өзгертіп, төрт рет қатарынан жеңіске жетті – 6:4. Бадоса екінші сетті сенімді түрде өз еншісіне жазды – 6:1. Бірақ үшіншісі әлдеқайда табанды болып, Пауладан қалып қойды — 7:5. Келесі айналымда Бадоса әлемнің екінші ракеткасы беларусь Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Ролан Гарростағы екінші айналымнан әрі аса алмады. 1/32 финал кезеңінде ол неміс Ян-Леннард Штруффтан жеңіліп қалды. 26 жастағы Бублик пен 34 жастағы Штруфф арасындағы кездесу 2:6, 2:6, 3:6 есебімен неміс теннисшісінің пайдасына аяқталды. Ойын бір сағат 17 минутқа созылды.
Сондай-ақ Александр Шевченко да Ролан Гарростың үшінші кезеңіне өте алмады. Ол Париждегі жарыстың екінші айналымында француз Корентин Мутеден (No79) жеңіліп қалды. 23 жастағы қазақстандық пен 25 жастағы корт иесі арасындағы кездесу 4:6, 2:6, 6:0, 3:6 есебімен француз теннисшісінің жеңісімен аяқталды. Жаңбырға байланысты үзілістен кейін өткен тамаша үшінші сетке қарамастан, Шевченко матчтың бағытын өзгерте алмады.