Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ордабасы» көш бастады, «Қайсар» «Тобылды» жеңді

Шымкенттік «Ордабасы» футболшылары Қазақстан Премьер-Лигасының оныншы турында талдықорғандық «Жетісуды» жеңді. Шымкентте өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Бірінші болып 21-минутта Артем Беседин есеп ашты. Араға бес минут салып қонақтар Данияр Үсеновтің дәл соққысымен жауап берді. Талдықорғандық футболшылар есепті сақтап қалуға тырысты. Бірақ «Ордабасы» толассыз шабуылдар ұйымдастырып, үзіліске дейін тағы екі гол соқты. Гол авторлары Евгений Макаренко мен Жасур Яхшыбоев болды.

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» 16 ұпай жинап, кестеде бесінші орыннан бірінші орынға көтерілді. «Жетісу» 14 ұпаймен төртінші орыннан бесінші орынға түсті.

Қостанайлық «Тобыл» футболшылары Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) оныншы туры аясында Қызылорданың «Қайсарымен» өткен ойында өз алаңында күтпеген жерден жеңіліске ұшырады. Қостанайда өткен кездесу 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

51-минутта Валерий Громыконың күшімен қызылордалықтар бірінші болып табысқа жетті. Алаң иелері 76-шы минутта Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың голының арқасында есе қайтарды. Ал ойынның негізгі уақытына (90+2-минут) екі минут қосылғанда Шохназар Норбеков «Қайсарға» жеңіс әкелді.

Осы ойыннан кейін командалардың әрқайсысында 12 ұпайдан және әзірге турнирлік кестеде қатар тұр және «Тобыл» жетінші, «Қайсар» сегізінші орында келеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz