10-тур аясындағы кезекті матчта «Қызылжар» — «Елімаймен» -тең тарқасты -1:1. Премьер-лигада бірнеше матч бойы гол соға алмай жүрген «Қызылжар» Юрий Бушманның керемет айып соққысына қатты қуанды. Бірақ бұл алаң иелерінің жеңісі үшін жеткіліксіз болды. Себебі, 10 минуттан кейін дәл осындай айып соққысын Еркебұлан Нұрғалиев асқан шеберлікпен орындады. Матч барысында да қос команда жеңіс үшін аянып қалмады. Тіпті уақыт созу деген жайт тіркелмей, 3 ұпайды еншілеуге тырысты. Қақпашымен бірге-бір шықты, қақпа бағанасына тигізді, ұтымды шабуылдар ұйымдастырылды. Бірақ клубтар тең нәтижемен тарқасты.
Сонай-ақ 10-тур аясында «Ақтөбе» мен «Тұран» кездесті. «Ақтөбе» үшін бұл ойын өте қиынға соқты. Тіпті «Тұранның» жеңіске жетуге мүмкіншілігі жоғары болды. Әттеген-айы екінші таймда қақпашымен жеке дара шығып, допты қақпа бағанасына тигізді. Ал «Ақтөбе» сапынан 76-шы минутта қосалқы құрамнан шыққан Жайро Жан бірінші шабуылында-ақ қанжығасын майлап, қонақтарға 3 ұпай әперді. Нәтижесінде «Ақтөбе» үзіліс алдында турнир кестесін 1-орынмен аяқтады. Қорытынды есеп «Ақтөбенің» пайдасына 0:1.
Ал, «Жеңіс» — «Атырау» арасында Қарағандыда өткен кездесуде футболшылар жарқын ойын көрсетпесе де, бір-бірімен допқа таласта аянып қалмады. Тек екінші таймда 38 жастағы тәжірибелі футболшы Игорь Стасевичтің голы «Атырауға» сырт алаңдағы бірінші жеңісін әкелді. Қорытынды есеп – 1:0. «Атырау» осылайша бірінші айналымда қос Астананың ұжымын да қапы қалдырып, турнир кестесінің 6-орнына көтерілді.
Айта кетейік, ұлттық құраманың ойындарына байланысты Премьер-лига ойындары үзіліске кетеді. 11-шы тур матчтары 15-16 маусым күндері өтеді.