2-9 маусым аралығында Әлемдік Тур аясында «Критериум Дофине» велододасы өтуде. Бұл «Тур де Франс» алдындағы соңғы дайындық деуге болады.
Францияның Дофине аймағында тас жолдағы велоспорттан өтіп жатқан «Критериум Дофине» көпкүндігінде «Астана» шабандоздары өнер көрсетуде. Биыл ұйымдастырушылар жарыс бағдараламасына өте күрделі таулы кезеңдерді қосқан. Көпкүндік қатарынан соңғы үш таулы кезеңмен аяқталады. Оның жалпы биіктігі 11 346 м – 6-шы кезеңде 3206 м, 7-ші кезеңде 4500 м және 8-ші кезеңде 3640 м. Әрине, спринтерлер де, жекелей уақытқа арналған жарыс мамандары да бұл жарыста өздерін көрсетуге мүмкіндік алады. Дегенмен жалпы классификацияға үміткерлердің бабы мен зейінділігі сол таулы аймақта өтетін кезеңдерде сыналады.
Жексенбі, велододаның алғашқы күні елордалық командадан Микеле Гадзоли үздік нәтиже көрсетіп, мәре сызығын алтыншы болып кесті. Ал, дүйсенбіде «Критериум Дофине» көпкүндігінің екінші кезеңі өтті. Жарыс жолының ұзақтығы 142 шақырымды құрады. Кезеңде мәреге Uno-X Mobility командасынан Магнус Корт бірінші болып келді. Екінші орынды BORA-hansgrohe командасынан словениялық Примож Роглич иеленді. Visma командасынан америкалық Маттео Йоргенсон жарысты үшінші болып аяқтады.
Астаналық шабандоздардан үздік нәтижені кезеңді 22-орынмен аяқтаған Харольд Техада көрсетті. Сантьяго Умба – 29, Лоренцо Фортунато – 38, Иде Шеллинг – 79, Антон Чармиг – 107, Антон Кузьмин – 108, Микеле Гадзоли – 110-шы болып мәреге жетті.
«Критериум Дофине». 2-кезең
Gannat — Col de la Loge. 142 шақырым
- Магнус Корт (Дания, «Uno-X Mobility») — 3:21:42
2. Примож Роглич (Словения, «BORA-hansgrohe»)
3. Маттео Йоргенсон (США, «Visma») - Харольд Техада (Колумбия, «Астана»)
29. Сантьяго Умба (Колумбия, «Астана»)
38. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)
79. Иде Схеллинг (Нидерланды, «Астана») — +7:07
107. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +14:38
108. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана»)
110. Микеле Гадзоли (Италия, «Астана»)
Жалпы есеп:
- Магнус Корт (Дания, «Uno-X Mobility») — 7:23:02
2. Примож Роглич (Словения, «BORA-hansgrohe») — +0:04
3. Маттео Йоргенсон (АҚШ, «Visma») — +0:06 - Сантьяго Умба (Колумбия, «Астана») — +0:10
31. Харольд Техада (Колумбия, «Астана»)
32. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)
79. Иде Схеллинг (Нидерланды, «Астана») — +7:17
105. Микеле Гадзоли (Италия, «Астана») — +14:48
123. Антон Чармиг (Дания, «Астана»)
125. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана»).