Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

София Исакова ITF Juniors сериясының турнирінде абсолютті чемпионы атанды

Шолпан-Атада жасөспірімдер арасында ITF J30 сериясының турнирі өтті. Аталмыш жарыста София Исакова абсолютті чемпион атанды. Жекелей сында қазақстандық теннисшілер арасында өткен финалда София Эвелина Балаганскаяны 6:2, 6:0 есебімен ұтты. Бұл Исакованың ITF –те дебюттік титулы.

Ал жұптық сайыста София Аружан Нұранбаймен бірге шешуші ойында ресейлік Виктория Острюх/София Ведерникованы 6:1, 6:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, София Исакова Вадим Шустердің жетекшілігімен Алматыда жаттығады.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында қазақстандық теннисшілерден Әмір Омарханов «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Жұптық сында ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге турнирдегі алғашқы кездесуін франциялықтар Антуан Фато – Даниэль Жадемен өткізді. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Омарханов – Дерепаско ширек финалға өту үшін турнирдің 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен кездеседі.

Өкінішке қарай жекелей сында Әмір 1-айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді – 2:6, 2:6.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz