16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Франция ашық чемпионатының жасөспірімдер арасындағы жұптық сайысында 1/2 финалға шықты.
Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен дуэтте жарыстың үшінші ракеткалары Томас Фарель (Франция)/Лука Преданы (Румыния) 6:4, 4:6, 12:10 есебімен ұтты. Шешуші тайбрейкте Әмір мен Тимофей 6:9 есебімен жеңілгенімен, үш матчболдан кейін жеңісті жұлып әкетті.
Айта кетейік, Әмір Омарханов қазақстан теннис тарихында жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінде жұптық сында жартылай финалға шыққан үшінші ойыншы болды. Біріншісі Ирина Селутина 1997 жылы зимбабвелік Кара Блэкпен бірге Франция ашық чемпионаты мен Уимблдонның жасөспірімдер турнирлерінің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар АҚШ ашық чемпионатында финалға шықты.
Екіншісі – Әмина Рахим. Ол 2005 жылы Ролан Гарростың финалында және жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында және 2006 жылы жасөспірімдер Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалында ойнаған.