Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан құрамасы Арменияға есе жіберді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айындағы алғашқы жолдастық кездесуін Арменияңа қарсы өткізді.

Матч Еревандағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бірінші таймда олар Александр Марочкиннің 4-минутта соққан автоголының арқасында жетістікке жетсе, екінші голды 58-минутта Ваган Бичахчян соқты. Қазақстандықтар сапынан 90+6-шы минутта Бауыржан Исламхан пенальтиді мүлтіксіз орындады.

Айта кетейік, ойын барысында қазақстандық футболшылардың гол соғуға бірнеше тамаша мүмкіндігі болды. Бірақ, өкінішке қарай нәтиже болмады. Келесі ойын Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» аренасында өтеді деп жоспарланған.

Кездесу аяқталған соң Қазақстан ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушысы Руслан Балтиев Армениямен өткен матч туралы пікірімен бөлісті (1:2).

– Руслан Тахирұлы, бүгінгі матчта Қазақстан құрамасына не жетіспеді деп ойлайсыз?

– Шынын айтқанда біз қауіпті сәттердің бірлі-жарымын пайдалансақ жетіп жатыр еді. Алайда, қақпаның бағанасы мен маңдайшасы алаң иелеріне жұмыс істеді. Алаң иелері болған соң өзі сондай болады. Армения жылдам гол салып, психологиялық басымдық болды. Енді еңсе тіктей бергенде екінші гол кіріп кетті. Негізі, жеңуге болатын ойын еді.

– Қақпаға 16 соққы жасадық, алайда гол салатын сұрмерген шабуылшымыз жоқ. Ұрымтал сәттерді мүлт жіберуіміздің себебі неде?

– Әрине, өте қиын жағдай. Өзіңіз айтып тұрғандай біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Сәтсіздік болды деп жаба салуға да болар еді. Алайда, менің ойымша кейбір сәттерде шеберлік жетіспеген сияқты.

– Клубта бірге ойнайтын жартылай қорғаушылар негізгі құрамда неге бірге ойнамады. Мысалы, Асхат Тағыберген мен Бауыржан Исламхан.

– Біздің құрамда олардан бөлек жастар да бар. Мұндай матчтарда жастарды шығарып бір тексеріп алғанымыз жөн. Өйткені жолдастық матч сол үшін де керек. Мысалы, бүгін футболшыларға еш сын таға алмаймын. Олар алаңда барын салды. Көп шабуылдап, жеңе алмадық. Ал кейде 2 шабуыл жасап, 2 гол салуға болады. Футбол сонысымен де қызық қой.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz