Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының бүгінгі бағдарламасы жасөспірімдер арасындағы топтық сайыстан басталды. 112,6 шақырымдық жарысқа 19 елден 54 спортшы жарыс жолына шықты. Қазақстан құрамасынан Михаил Подлужный, Батырхан Алик, Мансұр Бейсембай және Кирилл Чжан сынды шабандоздар жарыс жолына шықты.
Нәтижесінде индонезиялық Джулиан Аби Ману 2 сағат 38 минут 40 секундта мәреге жетіп, Азия чемпионы атанды.
«Азия чемпионатына бір ай қалғанда алған жарақатыма байланысты мен медаль алам деп үміттенген де жоқпын. Бірақ, Алматыда сәттілік серік болып, мәреге аз уақыт қалғанда топтың көшбасшысы болғанымды да байқамай қалдым. Содан кейін жарысты сәтті аяқтап, нәтижесінде алтын жүлдеге ие болдым. Рахмет, Алматы! Жеңісімді өз еліме – Индонезияға арнаймын», — деді Джулиан Аби Ману.
Алтын медаль — Джулиан Аби Ману.
Күміс медаль — Йа Лун Ли (Қытайлық Тайпэй)
Қола медаль — Пхетанум Панмаунг (Таиланд) .
4 орын – Кирилл Чжан (Қазақстан)