Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Астана» шабандозы Нидерландыда өткен жарыста екінші орынға ие болды

ZLM Tour 2024 - 35th Edition - 5th stage Oosterhout - Oosterhout 159,4 km - 09/06/2024 - Tom Bohli (SUI - Tudor Pro Cycling Team) - Rune Herregodts (BEL - Intermarché - Wanty) - Max Walker (GBR - Astana Qazaqstan Team) - photo Dion Kerckhoffs/CV/SprintCyclingAgency©2024

Нидерланды тас жолдарында «ZLM Tour» көпкүндік жарысы мәресіне жетті. Ақтық 5-кезеңде Astana Qazaqstan Team шабандозы Глеб Сырица жеңіске біртабан жақын болды.  Ол финишке 700 метр қалғанда шабуылға шығып, мәре сызығын жарыс жеңімпазымен бір уақытта кесті. Бірақ, фотофиништен нәтижені қайта қарағаннан кейін жеңіс даниялық Александр Селбиге бұйырды. Ал Глеб Сырица жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

«Біз жарыс күнін тамаша өткіздік. Өзімізді жақсы сезіндік. Жігіттер керемет жұмыс атқарды. Әсіресе Руди Зелиг пен Макс Кантер. Мәре сызығына 700 метр қалғанда көпірге көтерілудің салдарынан соңғы шақырым біршама хаосқа айналды. Дәл сол жерде дат шабандозы шабуылын бастады. Макс оның соңынан ерді. Мәреге 350 метр мен спринтті бастадым. Жеңіске біртабан жақын болдым. Жалпы алғанда, ZLM Tour-да біз өте жақсы жарыс аптасын өткіздік. Тек үшінші кезеңнің финалында жалпы классификация үшін бәсекеге түсуге техникалық ақау мүмкіндік бермеді. Кезеңде жеңіске жете алмағанымыз өкінішті. Бірақ жалпы бәрі жақсы. Сондықтан біз жұмысты жалғастырып, келесі жарыстарға дайындаламыз», — деді Глеб Сырица.

Ал жарыстың жалпы есебі бойынша Astana Qazaqstan Development Team шабандозы Макс Уолкер спорттық мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, екінші орынға ие болды.

«Жалпы есепте екінші орын иеленгеніме өте қуаныштымын! Мен үшін бұл жарыс аптасы прологта төртінші орынмен тамаша басталды. Осыдан кейін жалпы классификациядағы басқа фавориттердің соңынан ілесіп, жалпы есеп үшін күресуге тырыстым. Бұл жарыстың әрбір кезеңі желге, тар жолдарға байланысты қиын әрі қауіпті болды. Бірақ, командаластарым мені қорғап, осы велододада тәжірибе жинауға көмектесті. Командама үлкен рахмет айтқым келеді», — деді Макс Уолкер.

Осылайша спорт директорлары Марио Манцони, Клаудио Кучиноттаның жетекшілігімен «Астана» шаандоздары Глеб Сырица, Макс Кантер, Ридигер Зелиг, Даниил Марухин, Макс Уолкер, Давиде Тонеатти Нидерландыда өткен көпкүндікті тамаша нәтижемен аяқтады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz