Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Ресми. Янник Синнер әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Италиялық теннисші Янник Синнер рейтингте 9525 ұпай жинап, әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атанды. Екінші сатыға Ролан Гаррос 2024 чемпионы, испаниялық Карлос Алькарас (8580 ұпай) жайғасты. Рейтингтің бұрынғы көшбасшысы сербиялық Новак Джокович үшінші орынға (8360 ұпай) түсті.

Париждегі турнирдің екінші айналымында жарыс жолынан шығып қалған қазақстандық Александр Бублик мансабындағы рекордтық көрсеткішін сақтап, 17-ші орында қалды. Александр Шевченко да позициясын өзгерткен жоқ. Ол 59-шы орында. Ал Александр Недовесов үш саты төмендеп, қазір 43-ші орында.

Сонымен қатар әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Франция ашық чемпионаты (Ролан Гаррос) аяқталғаннан кейін жекелей және жұптық сында рейтингін жаңартты. Турнир жеңімпазы польшалық Ига Швентек бірінші орынды сенімді түрде сақтап қалды. Америкалық Кори Гауфф қазір үздік үштікті түйіндеп тұрған беларусь спортшысы Арина Соболенконы басып озып, екінші орынға көтерілді.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина рейтинг кестесінде төртінші орында қалды. Ал Юлия Путинцева екі саты төмендеп, 41-орынға түсті.

Жұптық сайыстағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина рейтингтегі орнын бірден үш ұпайға жақсартып, қазір 54-орынға жайғасты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz