Қос тарап өзара келісім бойынша еңбек шартын бұзу туралы шешімге келген. 43 жастағы сербиялық маман қазақстандық клубты 2023 жылдың қаңтарынан бері жаттықытырп келді. Осы уақыт аралығында «Тобыл» ел кубогы мен суперкубогының иегері атанды. Дәл қазір он турдан кейін «Тобыл» ҚПЛ-да сегізінші орында тұр.
««Тобыл» ФК Милич Чурчичке және оның штабына клубта атқарған жұмысы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді», — деп жазды Тобыл ФК баспасөз қызметі.
Ал «Тобыл» бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Нұрбол Жұмасқалиев тағайындалды. Нұрбол Жәрдемұлы команда ойыншыларымен, жалпы Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылды» жаттықтырған, айдың үздік жаттықтырушысы да атанды.