Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Асу Алмабаев тарихи жекпе-жек өткізеді

MIAMI, FLORIDA - MARCH 08: Asu Almabayev of Kazakstan poses on the scale during the UFC 299 official weigh-in at the Marriott Miami Biscayne Bay on March 08, 2024 in Miami, Florida. (Photo by Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images)

16 маусым, жексенбі күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 58 турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев (19-2) пен америкалық Хосе Джонсон (16-8) арасында жеңіл салмақта жекпе-жек өтеді. Кездесу үш раундқа есептелген. Тікелей көрсетілім Астана уақыты бойынша шамамен сағат 7:20-да басталады және UFC ресми сайтынан тамашалауға болады.

Айта кетейік, бұл Асу үшін тарихи жекпе-жек. Өйткені ол мансабында алғаш рет UFC турнирінің негізгі кардында өнер көрсетеді. Осы орайда Асу Алмабаев (19-2) UFC-дегі үшінші жекпе-жегі алдында міндетті салмақ өлшеу рәсіміннен өтті. Ол 56,93 келі нәтиже көрсетіп, жеңіл салмақтағы межені сәтті орындады.

Сондай-ақ қарсыластарды салыстырғанда антропометриядағы айырмашылық ерекше таң қалдырды. Хосенің бойы (182 см) Асудан 20 сантиметрге биік (162 см) болып шықты. Соған қарамастан Алмабаев алдағы жекпе-жектің сөзсіз фавориті. Бойы мен қолының ұзындығының айырмашылығына қарамастан, Джонсон болашағы зор қазақстандық спортшы үшін тактикалық тұрғыдан ыңғайлы қарсылас бола алады. Сондықтан Асу соңғы он ай ішінде UFC-де үшінші рет жеңіске жетсе, рейтингтің үздік 15-спортшысының қатарына енуге тағы бір қадам жасайды.

Турнир аса жеңіл салмақ дәрежесінің өкілдері арасындағы текетіреспен басталады. Рейтингте бесінші орындағы АҚШ өкілі Алекс Перес (25-8) 13-ші нөмірлі жапониялық Татсуро Тайрамен (15-0) кездеседі. Жалпы промоушеннің ресми сайтында 13 жекпе-жек жарияланды.

Бұл кеште болашағынан зор үміт күттіретін ресейлік орта салмақтағы Икрам Алискеров (15-1) өнер көрсетеді. Ол кезінде қазақстандық Сергей Морозовтан жеңіліп қалған тәжірибелі бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (29-5-0-1) жұдырықтасады. Сондай-ақ Жалғас Жұмағұловтың екі бұрынғы қарсыласы – Ұланбеков пен америкалық Джошуа Ванг (10-1) арасында жекпе-жек өтеді.

Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де жеңіл салмақта тартыс өтеді. Бразилиялық Мелкизаэль Коста (20-7) бес жекпе-жегінде үш рет жеңіске жеткен Қытай өкілі, этникалық қазақ Сайран Нұрданбекпен (39-11) жұдырықтасады. Нұрданбек Гарсиядан ауыр жеңіліске ұшырағаннан соң 14 айдан кейін торға оралады. Бұл оның жеңіс жолына қайта жалғауға тамаша мүмкіндік. Өткен жылы сәуірде Гарсия Сайранды нокаутқа түсірген болатын.

Ал Алмабаев 2023-жылы тамызда UFC-де дебют жасады. Содан бері ол екі жеңіске жетті — ямайкалық Ауди Осборнды (12-7-0-1) тұншықтырып, америкалық Си Джей Вергараны (12-5-1) тізе бүктірді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz