«А» тобындағы Германия-Шотландия арасындағы кездесу Мюнхендегі «Альянц Аренада» өтіп, 5:1 есебімен турнир қожайындарның пайдасына аяқталды. Бірінші таймнан кейін Германия 3:0 есебімен алға шықты. Еуро-2024 турниріндегі алғашқы голды Германия құрамасының жас жұлдызы Флориан Виртц соқты. Оныншы минутта 21 жастағы жартылай қорғаушы тепкен доп қақпадан табылды. 19-минутта Кай Гаверц Джамал Мусиалға нәтижелі пас берді. Ол қақпаны дәл көздеп, есепті еселей түсті.
Бірінші тайм аяқталар тұста Илкай Гюндоган қарсыластың айып алаңындағы газонда құлады. VAR тексерісінен кейін төреші Шотландия қақпасына пенальти белгілеп, қорғаушы Райан Портеусты алаңнан қуды. Кай Хаверц пенальтиді мүтксз орындады. 68-минутта Никлас Фюллкруг айып алаңынан қақпаның жоғарғы оң жақ бұрышын дәл көздеп, гол соқты. 76-минутта Фюллкруг дубль авторы атануы мүмкін еді. Бірақ төреші офсайдқа байланысты голды есептемеді.
Ал 87-минутта Антонио Рюдигер өз қақпасына гол соғып, Германия құрамасының таза жеңіске жетуіне кедергі болды. Соңғы минуттарда немістер Шотландияға бесінші гол соқты. Гол авторы Эмре Джан. Қорытынды есеп 5:1.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа чемпионаты Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі жеңімпазы – Италия құрамасы.