«Барыстың» шабуылшысы Максим Мусоров мансабын Еуропада жалғастыруды шешті. Ол Ұлыбританиядағы элиталық хоккей лигасында ойнайтын шотландиялық «Файф Флайерс» клубымен келісім-шартқа отырды.
Өткен маусымда 23 жастағы Өскемен хоккейінің түлегі Астананың «Барысында» өнер көрсеткен. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымында ол 28 кездесу өткізіп, 3 (2+1) ұпай жинады. «Nomad» сапында 20 ойын өткізіп, 20 (5+15) ұпай жинады және Чехияда өткен әлем чемпионатында шабуылшы екі кездесуге қатысты.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы мансабын Ұлыбританияда жалғастыратын болды. Николай Шульга да шотландиялық «Файф Флайерс» клубымен келісім-шартқа отырды.
Өткен маусымда 21 жастағы Павлодар хоккейінің түлегі астаналық «Nomad» сапында өнер көрсетті. Тұрақты чемпионатта 47 кездесу өткізіп, 27 (12+15) ұпай, 14 плей-офф ойынында 6 (2+4) ұпай жинады. Сондай-ақ елордалық командамен бірге Құрлық кубогын жеңіп алды және Чехияда өткен әлем чемпионатында форвард екі кездесуге қатысты.