Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Еуропа чемпионатының үшінші жарыс күніне шолу

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатында Сербияны жеңді. Гельзенкирхендегі «Фельтинс Арена» стадионында С тобындағы кездесу өтіп, ағылшындар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды «Реалдың» 20 жастағы жұлдызы Джуд Беллингем соқты. 13-минутта жартылай қорғаушы айып алаңында допты қабылдағаннан кейін басымен қақпаны дәл көздеп, супер гол соқты.

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында С тобында Словения мен Дания арасында ойын өтті. Кездесу Штутгарттағы «МХП-Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Кристиан Эриксен гол соғып, бірінші болып даниялықтар есеп ашты. Екінші таймда Словения Эрик Янждың күшімен есепті теңестірді.

Айта кетейік, екі команда да Қазақстан құрамасы қатысқан іріктеу тобынан шықты. Даниялықтар бірінші, словениялықтар екінші орын алды. Ал Қазақстан құрамасы төртінші орынға табан тіреп, өкінішке қарай Еуро додасына жолдама ала алмады.

Айта кетейік, осы ойында «Барселонаның» және футболдан Дания ұлттық құрамасының қорғаушысы Андреас Кристенсен ерекше жетістікке қол жеткізді. Opta Sports хабарлауынша, Кристенсен Словенияға қарсы кездесуді 100% пас беру дәлдігімен аяқтаған. «Барселона» қорғаушысының 89 пасының барлығы дәл болды. Бұл 100% дәлдікпен пас беру бойынша еуро рекорды (статистика 1980 жылдан бері бар). 2-турда 20 маусым күні Дания Англиямен, ал Словения Сербиямен кездеседі.

D тобында Польша мен Нидерланды құрамалары арасында Еуро-2024 топтық кезеңінің бірінші турының ойыны өтті. 16-минутта поляк шабуылшысы Адам Букса ойында есеп ашты. 29-минутта голландиялықтар Коди Гакпоның күшімен есепті теңестірді. Жеңіс голын матчтың 83-минутында Ваут Вегхерст соқты. Алғашқы үш ұпайды Нидерланды иеленді. Еуро-2024 турниріндегі Польша мен Нидерланды құрамалары D тобында ойнайды. Олардың топтық кезеңдегі қарсыластары Аустрия құрамасы мен вице-әлем чемпионы Франция құрамасы болмақ.

Бүгін 17-маусым Астана уақытымен 17:50-де Румыния-Украина, 20:50-де Бельгия-Словакия, 23:50-де Аустрия-Франция арасында кездесу өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz