Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Әлемнің бірқатар көшбасшы теннисшілері Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартты

Әлемнің 10-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабер Париждегі Олимпиада ойындарына қатыспайды.

«Ойындарға қатысуға қатысты медициналық топпен кеңескеннен кейін біз корт төсеніштерінің өзгеруіне байланысты дененің қажетті бейімделуі тізеге қауіп төндіреді және маусымның қалған бөлігіндегі көрсеткішіме қауіп төндіреді деп шештік. Өкінішке қарай, Париждегі Олимпиадаға қатыса алмаймын.

Кез келген жарыста өз елімнің атынан шығуға әрқашан қуаныштымын. Бірақ енді өз денемді тыңдап, дәрігерлердің айтқанын орындауым керек. Командаластарыма Олимпиадада бар жақсылықты тілеймін. Мен олардың ең үлкен жанкүйері боламын», — деді Жабер.

Сонымен қатар ресейлік теннисшілер де Олимпиадаға қатысудан бас тартып отыр. Бұған дейін Халықаралық теннис федерациясы (ITF) рейтингте тұрған барлық мықты ресейлік ойыншыларға Олимпиадаға қатысуға рұқсат берген. Әйелдер арасында Касаткина (әлемнің 14-ші ракеткасы), Людмила Самсонова (15), Екатерина Александрова (16) және Мирра Андреева (23) іріктеуден өтті. Кейінірек Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев Касаткина мен Самсонованың (24) төртжылдықтың басты додасына қатыса алмайтынын хабарлады.

«Касаткина ойындарға барғысы келмейді. Ең алдымен, Ресейдің бірінші ракеткасы Самсонова Олимпиададан бас тартты. Мұндай жағдайда Павлюченкова Ойындарға қатыса алады. Бірақ қазіргі уақытта ол да барғысы келмейді. Ресейліктердің құрамы шынымен де жас болуы мүмкін», — деп келтіреді Match TV дереккөзі.

Әлемнің үшінші ракеткасы Арина Соболенко да турнирге бейтарап мәртебеде қатысуға болар еді. Өйткені ресейлік және беларусь спортшыларына өздерінің ұлттық тулары астында ойнауға тыйым салынады. Алайда Берлиндегі шөп төсенішті кортта өтетін турнир басталмас бұрын Соболенко Олимпиадаға қатыспайтынын алдын ала мәлімдеді.

«Соңғы айларда кездескен барлық қиындықтарды ескере отырып, мен өз денсаулығыма қарауым керек сияқты. Физикалық дайындығыма көз жеткізу үшін аздап демалуды жөн санаймын», — деді Соболенко.

Айта кетейік, Олимпиадаға қатыспайтын спортшылар қатарында әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған ресейлік Андрей Рублев та бар.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz