Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Сын, симуляция және автогол. Португалия Роналдумен бірге Еуродағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду өнер көрсететін Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. F тобында Лейпцигте атақты шабуылшының командасы Чехияны 2:1 есебімен ұтты.

Бірінші тайм голсыз өтті. 39-минутта португалиялық шабуылшы Рафаэль Леау симуляция жасағаны үшін сары қағаз алды.

Екінші таймда 62-минутта чехтарды жартылай қорғаушы Лукаш Провод алға шығарды. Ал 69-минутта қорғаушы Робин Гранач айып алаңынан допты өз қақпасына бағыттап, есепті теңестірді.

Роналду алаңға негізгі құраммен бірге шықты. Матч алдында оны португалиялық жанкүйерлер мен сарапшылар ұлттық құрама сапынан кетпеді деп сынға алды. Футболшы бірде-бір гол соққан жоқ. 87-минутта Диогу Джота баспен допты қақпаға бағыттап, гол соқты. Бірақ төреші VAR-ды қарап шыққан соң голды есепке алмады. Нәтижесінде Португалия негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті. Шешуші голдың авторы Франсишку Консейсау болды.

Сонымен қатар Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында Түркия мен Грузия ұлттық құрамалары кездесті. Дортмундтағы матч 3:1 есебімен Түркияның жеңісімен аяқталды. 25-минутта Мерт Мюлдюрдың голынан кейін түріктер бірінші болып алға шықты. 27-минутта Кенан Йылдыз екінші голды соқты, алайда аргентиналық төреші Факундо Телло офсайдқа байланысты голды есептемеді.

32-минутта грузиндер гол соғып жауап қайтара білді. Команданың Еуропа чемпионатындағы алғашқы голының авторы Жорж Микаутадзе болды. Түркия құрамасы 65-минутта қайта алға шықты. Түрік «Мессиі» атанған «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Арда Гүлер айып алаңының сыртынан керемет соққымен Георги Мамардашвилидің қақпасын дәл көздеді. 97-минутта ойын тағдыры шешілді. Бұл уақытта түріктер қарсы шабуылға шығып, Керем Актуркоглу Грузия құрамасының бос қақпасына дәл көздеді.

22 маусымда екінші турда Грузия құрамасы Гамбургте Чехиямен ойнаса, бұл күні Дортмундта Түркия құрамасы Португалиямен кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz