Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан Кубогының финалистері анықталды

«Атырау» «Тобылды» 4:0 есебімен жеңіп, қостанайлық ұжымның тас-талқанын шығарды.

Футболдан Қазақстан кубогының 1/2 финалында «Атырау» мен «Тобыл» ойнады. Атырауда өткен кездесу кубоктың қазіргі иегерлері саналатын қостанайлықтардың жеңілісімен (4:0) аяқталды.

18-минутта мұнайшылар беларусь Николай Сигневичтің күшімен алғашқы  голды соқты. Бірінші таймда алаң иелері қостанайлықтарды тағы да қапы қалдырды. 40-минутта словакиялық легионер Якоб Новак есепті еселеді. 53-минутта Синьевич дубль жасаса, соңғы есепті 99-минутта Ринат Дужматов орнатты. Осы жолы да алдарында азулы қарсылас болғанымен, қостанайлықтардан еш қаймықпай, финалға шығуға лайық екендіктерін көрсетті.

«Елімай» мен «Ақтөбе» футболдан Қазақстан кубогының финалистін анықтады. Семейде өткен турнирдің 1/2 финалының қарымта кездесуі алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. 36-минутта Максим Самородов соққан голдан кейін бірінші болып ақтөбеліктер алға шықты. Одан кейін алаң иелері екі рет гол соқты: 51-минутта Роман Мұртазаев, 59-минутта Дмитрий Шомко гол соқты. 58-ші минуттан бастап Габи Кики алаңнан қуылғаннан кейін ақтөбеліктер азшылықта ойнады. Алайда бұл алаң иелеріне өз басымдықтарын дамытуға мүмкіндік бермеді. Бір айдың ішінде 3 рет кездескен ұжымдар барлығында жанкүйерлердің іштерін пыстырмады.

2:1 есебімен жеңіс «Елімайға» Қазақстан кубогының финалына шығуға мүмкіндік бермеді. Себебі «Ақтөбе» жалпы есепте жеңіске жетіп, финалда «Атыраумен» кездесетін болды.

Қазақстан Кубогының финалдық ойыны 29 қыркүйек күні өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz