Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина мен Путинцева ширек финалға шықты

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жүлде қоры 800 мың еуродан асатын Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді.

Рыбакина екінші айналымда әлемнің 35-ші ракеткасы ресейлік Вероника Кудерметовамен кездесіп, екі сетте 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін теннисшілер өзара төрт рет кездесіп, төрт кездесуде де қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталған.

Осылайша, Рыбакина ширек финалға шықты. Енді ол әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы беларусь қызы Виктория Азаренкамен сынға түседі.

Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингемдегі (Англия) турнирдің ширек финалына шықты. 1/8 финалда украиналық Ангелина Калининаны ұтты. Қазақстандық теннисші бірінші сетті 6:3 есебімен, екінші сетте 6:0 есебімен ұтты. Юлияның келесі қарсыласы Каролин Долхайд пен Элизе Мертенс  арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда қазақстандық теннисші франциялық Клара Бюрельді 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz