Шотландия мен Швейцария құрамалары Еуропа чемпионатындағы матчта жеңімпазды анықтай алмады.
А тобындағы кездесу Кельн қаласында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Бұл кездесуде Швейцарияның плей-офф кезеңіне ерте шығуға мүмкіндігі болды. Дегенмен сол мүмкіндігін пайдалана алмады.
13-минутта Шотландия құрамасының шабуылы кезінде швейцариялық жартылай қорғаушы Скотт Мактоминейден доп «қызыл крестшілердің» қақпасына соғылды. Гол «автогол» ретінде тіркеліп, оған қарсы Янн Зоммер дәрменсіз болды. 26-минутта шотландиялықтар қорғаныста өрескел қателік жіберді. Оны Джердан Шакири пайдаланып, есепті теңестіріп кетті.
Дэн Ндойе 33-минутта Швейцарияны алға шығарды, бірақ VAR тексерісінен кейін төреші офсайд үшін голды есепке алмай, команданың қуанышы ұзаққа бармады. Жағдай 83-минутта тағы да қайталанды. Бұл жолы тек шотландиялық шабуылшы Брель Эмболо қақпаны дәл көздеді. Кезекті гол да офсайдқа байланысты VAR-дан кейін есепке алынбай, құрамалар 1:1 есебімен тең тарқасты.