Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Португалия Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Португалия құрамасы Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 топтық кезеңінің екінші турында жеңіске жетті. Дортмундтағы Түркияға қарсы кездесу 3:0 есебімен португалиялықтардың жеңісімен аяқталды. Бірінші голды 21-минутта Бернардо Сильва соқты.

Жеті минуттан кейін орталық қорғаушы Самет Акайдын қарамай допты қақпадан шығып кеткен қақпашы Алтай Байындырға бағыттап, автогол тіркелді.

Үшінші гол 56-минутта соғылды. Гол авторы Криштиану Роналдудың пасын тиімді пайдаланған Бруно Фернандес. Осылайша, португалиялықтар алты ұпай жинап, Еуро-2024 плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты. Бұған дейін Германия мен Испания құрамалары плей-оффқа жолдама алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда Португалия құрамасы Чехияны (2:1), ал Түркия Грузия құрамасын (3:1) ұтқан болатын. Келесі турда чехиялықтар Түркиямен, ал Грузия Португалиямен ойнайды. Екі кездесу де маусымның 26-сынан 27-сіне қараған түні өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz