Юлия Путинцева Бирмингемдегі WTA 250 турнирінде финалдық кездесуін өткізді. Қазақстандық теннисші шешуші кездесуде қарсыласы аустралиялық Айла Томляновичті 6:1, 7:5 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 29 минутқа созылды. Юлия екінші сетте 3:5 есебімен жеңіліп жатқанымен, содан кейін үш гейм қатарынан жеңіске жетті. Ойынды тайбрейкке жалғап, 10-8 есебімен қарсыласынан айласын асырды. Теннисшілер үшін бұл жекелей жарыстағы алтыншы кездесу болды және қазір Юлия 5:1 есебімен алда келеді.
Айта кетейік, Путинцева Бирмингемдегі турнирде чемпион атанған алғашқы қазақстандық теннисші.Бұл Путинцеваның мансабындағы үшінші және 2021 жылдан бері бірінші титул.
Жалпы турнирдің жүлде қоры 267 000 долларды құрайды. Финалда жеңіске жеткен қазақстандық теннисші 35 250 доллар сыйақымен қатар 250 рейтингтік ұпайға ие болды. Нәтижесінде ертең дүйсенбі күні, жаңартылған рейтингте Юлия жеті сатыға көтеріліп, әлемнің 34-ші ракеткасы атанады.