Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Олимпиада ойындарында ауыр салмақта чемпиондық атаққа басты фаворит кім?

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында бокстан жарыстар 27 шілде мен 10 тамыз аралығында Парижде өтеді. 13 медальдар  жиынтығы сарапқа  салынады. Оның жетеуі ерлер және алтауы әйелдер арасында. Қазақстан ерлер арасында барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бірақ ең тартысты жекпе-жек ауыр салмақта (92 келіден жоғары) өтеді деп күтілуде.

Ең бастысы, жарыстың фавориттері – өткен ойындардың қола жүлдегері қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен қазіргі Олимпиада чемпионы өзбек Баходир Жалоловқа кім лайықты қарсылық көрсете алады?

Жекпе-жекке шығатын боксшылардың арасында Германиядан келген Еуропа чемпионы мен соңғы әлем чемпионатының жүлдегерлері бар.

Басты фаворит. Әрине, мұнда барлығына түсінікті. Бұл Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Баходир Жалолов. Өзбекстандық боксшының кәсіпқой бокста да өнер көрсететінін ұмытпау керек. Осы уақытқа дейін ол 14 жекпе-жекте 14 жеңіске жетіп, барлығында қарсыластарын тек нокаутпен сұлатып түсірген. Соған қарағанда Жалоловтың Олимпиада аяқталғаннан кейін кәсіпқой боксқа ден қоятынына күмән жоқ.

Олимпиада жүлдесінен негізгі үміткерлердің бірі — Қамшыбек Қоңқабаев. Джалолов екеуінің ұзақ жылғы қарсыласуының өзі бір тарих деуге болады.  Әзірге қазақстандық жеке кездесулерде 3-7 есебімен өзбекстандық былғары қолғап шеберіне жеңіліп тұр. Дегенмен есе қайтарар кез келді. Олимпиададан басқа мұндай мүмкіндік қайда туады?

Дегенмен, бұл жекпе-жекке дейін екі боксшы да өте лайықты қарсыластардан өтуі керек. Себебі Олимпиадаға мықтылырдың мықтысы келері сөзсіз.

Ең алдымен, ауыр салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері бразилиялық Абнер Тейшейраны атап өтуге болады. Айта кету керек, бразилиялықтың ауыр салмаққа ауысуы сәтті іске асты. Ол өткен жылы Сантьягода өткен Панамерика ойындарында күміс, сонымен қатар Панамерика чемпионаты мен Оңтүстік Америка ойындарында алтын алды. Жалпы, Тейшейра, Олимпиададағы осы салмақтағы нағыз шеберлердің бірі және ол таң қалдырмай қоймасы анық.

Ауыр салмақтағы қазіргі Еуропа чемпионы, Айюб Гадфаны да айта кеткен жөн. Осы жылдың сәуір айында Белградта оған дейін Еуропаның ең мықтылары арасында лайықты қарсылас жоқ болды. 2022 жылы Еревандағы Еуропа чемпионатында күміс алды. Былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатында Аюб қола жүлдегер атанды. Жартылай финалда оны жалғыз Жалолов тоқтата алды. Әлбетте, осындай жетістіке жеткен боксшы басты үміткерлердің бірі.

Ауыр салмақтағы неміс боксшысы Нельви Тиафакта чемпиондық атақ жолында алысқа баруға үмітті. Ол 2022 жылғы Еуропа чемпионатының «алтын», Еуропа ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды. 2019 жылы әлем чемпионатында үздік сегіз боксшының қатарына енді. Бір қызығы: жартылай финалда оны Джалолов ұтты. Айтпақшы, Еуропа чемпионатының финалында ол екі жылдан кейін құрлық біріншілігінде алтын алған испаниялық Айюб Гадфаны жеңді.

Ауыр салмақта Олимпиада жүлдесіне соңғы ықтимал үміткер Әзербайжан өкілі Мұхаммад Абдуллаев. Мұхаммад Белград пен Ташкентте өткен соңғы әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері, сонымен қатар былтырғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері.

Абдуллаев Токиодағы Олимпиадаға қатысып, жақсы өнер көрсетті, бірақ 1/8 финалда ол әрине, чемпион атанған Баходир Жалоловтан жеңіліп қалды. Өткен жылғы беделді Странджа турнирінде жартылай финалда ол тағы да Жалоловпен кездесіп, тағы да ұтылды. Абдуллаев Александр Усиктің өнерін белсенді түрде бақылап, оның жауынгерлік стилін қабылдауға тырысады. Ал жақында Әзербайжан боксшысы оның кумирі Усик екенін мойындады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz