Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Дамир Исмағұлов Қазақстанда жекпе-жек өткізеді

Жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) бұрынғы UFC жауынгері қазақстандық Дамир Исмағұлов 13 шілдеде Алматыда өтетін Hardcore FC промоутерлік турнирінде өнер көрсетеді. Исмағұловтың қарсыласы ресейлік Дмитрий Климов болмақ.

Дамир Исмағұлов 33 жаста. Қазақстандық спортшы 2014 жылы аралас жекпе-жекте дебют жасап, 2018 жылдың желтоқсанында алғаш рет UFC-де өнер көрсетті. Ол әлемдегі ең беделді ұйымда барлығы бес кездесуде жеңіске жетіп, ресейлік Арман Царукян мен америкалық Грант Доусонға қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапқан.

Исмағұлов өзінің соңғы жекпе-жегінде «Наше Дело 82» турнирінде кикбоксинг ережесі бойынша ресейлік Эдуард Вартанянға ұпай саны бойынша есе жіберді. Ал, 23 жастағы Климов соңғы жекпе-жегінде екінші раундта Фазлидин Мадрахимовтан техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Турнирдің басты жекпе-жегінде «Қазақ Терминаторы» лақап атымен танымал Мұратбек Қасымбай TUF шоуының жеңімпазы, UFC ардагері Диего Брандаоға тиесілі HFC MMA белбеуін иеленуге тырысады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz