Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Ел чемпиондары көш бастады

Шымкенттік «Ордабасы» ҚПЛ-2024 13-туры аясындағы ойында «Қайсарды» ұтты. Шымкентте өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Жетінші минутта Айбар Жақсылықов гол соққаннан кейін қонақтар бірінші болып алға шықты. Алаң иелері 54-минутта Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Жасурбек Яхшибоев гол соғып, есепті теңестірді. 84-минутта Дембо Дарбо Ордабасыға жеңіс әкелді. Осылайша шымкенттік клуб 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастады. 16 ұпайы «Қайсар» жетінші орында.

«Астана» бір гол салып, «Қайратқа» әжептәуір қарсылық көрсетті. Алматыда «Хан Тәңірі» стадионында «Астана» мен «Қайрат» арасында өткен матч 3:1 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды.

28-минутта литвалық қорғаушы Кипрас Казуколовастың голынан кейін елордалықтар есеп ашты. Бір минуттан кейін Жоао Пауло есепті теңестіріп кетті. 67-минутта Әділет Садыбеков алматылықтарды алға шығарды. Ал 95-минутта Дмитрий Сергеев ойынның нүктесін қойды. Осылайша, «Қайрат» 21 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтаса, «Астана» 15 ұпаймен сегізінші орында.

Сондай-ақ 13-тур аясында аутсайдер командалар өзара мықтыны анықтады. Петропавлдың «Қызыл-Жары» мен қарағандылық «Шахтер» кездесті. Петропавл қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бірінші голды 56-минутта украиналық шабуылшы Алексей Щебетун соқты. 91-минутта грузин шабуылшысы Лука Имнадзе есепті еселей түсті. 13 ұпайы бар «Қызыл-Жар» оныншы орында қалса, жеті ұпай жинаған «Шахтер» ҚПЛ кестесінде13-орында тұр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz