Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Реалдың» жұлдызы Англияны Еуродағы сәтсіздіктен құтқарды

Роналду стиліндегі гол сенсацияға жол бермеді.

Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы Англия мен Словакия құрамалары арасындағы кездесу Гельзенкирхен қаласында өтті. Ойындағы есепті 25-минутта словакиялық шабуылшы Иван Шранц ашты.

Англия бірінші таймда гол соға алмады. Мұндай жағдай соңғы рет 1986 жылғы әлем чемпионатында Аргентинаға қарсы ойында орын алды.

Тек 50-минутта ағылшын жартылай қорғаушысы Фил Фоден гол соқты. Бірақ офсайдқа байланысты гол есепке алынбады. Дегенмен, Еуропа чемпионатының басты фавориттері ағылшындар есепті теңестірді. 95-минутта «Реал Мадридтің» жұлдызы Джуд Беллингем командасын жеңілістен құтқару үшін Криштиану Роналду стилінде қақпаға фантастикалық соққы жасады. Нәтижесінде матч экстра-таймға ұласты.

Гарет Саутгейт шәкірттері қосымша уақытта бірден алға шыға білді. Гол авторы — Харри Кейн. Еуро-2024 додасының ширек финалында Англия Еуропаның қазіргі чемпионы Италияны (2:0) сенсациялық түрде ұтқан Швейцария құрамасына қарсы ойнайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz