Қазақстан чемпионатының 13-турының орталық матчы Ақтөбеде өтіп, жергілікті команда «Тобылды» қабылдады. Матч қаһарманы — Ислам Чесноков. Қарымта шабуылда ұстап алды. Жалпы ойын өте күшті болды! 3:4 деген не деген есеп! Таза АПЛдың ойыны болды. Жайро мен Ромеро бір жақтан, Мессауди мен Иванович бір жақтан қысты.
Легионерлер ойын көркін келтірді. Мұндай ойыны бар командалар «Сараево» мен «Ружемберок» секілділерді аямай жеңуі тиіс. Осындай сапалы легионерлердің арқасында Чесноков пен Самародовтар дамып жатыр. Өзге де жастарымызға үлгі ғой! Айтпақшы, «Тобыл» келесі ойында қос португалды ойынға қосса тіпті сұрапыл болайын деп отыр.
Төрешілікке де сын таға алмайсың, беретін жерді берді, есептемейтін жерді есептемеді.
Осылайша «Ақтөбе» «Ордабасыға» (25 ұпай) жете алмады және қазір 22 ұпаймен ҚПЛ көшбасшысынан үш ұпайға қалып қойды. «Тобылдың» 12 ойыннан кейін 19 ұпайы бар.
«Ақтөбе» — «Тобыл» 3:4 (0:3)
Голдар: Чесноков 16 (0:1), Эль-Мессауди 27 (0:2), Иванович 45 (0:3), пенальтиден Қасым 53 (1:3), Ромеро пенальтиден 59 (2:3) , Чесноков 73 (2:4), Ромеро 90+1 (3:4).