Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Елена Рыбакина Уимблдондағы 18-жеңісіне қол жеткізді

Елена Рыбакина Уимблдонның төртінші айналымында әлемнің 18-ші ракеткасы Анна Калинскаяны ұтты. Ресейлік теннисші бірінші сетте 3:1 есебімен алға шыққанымен, бес гейм қатарынан жеңіліп қалды. Екінші сетте Рыбакинаның пайдасына есеп 3:0 болғанда, Аннаның оң қолы жарақаттанып, жарыстан шығуға мәжбүр болды.

«Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалында Рыбакина украиналық Элина Свитолинамен сынға түседі.Уимблдонның 1/8 финалында Свитолина қытайлық спортшы Синьюй Вангпен кездесіп, екі сетте 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын 56 минутқа созылды.

Айта кетейік, Свитолина Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар WTA аясында өткен 19 турнирде жеңіске жетті.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілерден «Үлкен Дулыға» турнирінде тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева өнер көрсетті. Өкінішке қарай отандасымыз Уимблдонның 1/8 финалы кезеңінде латвиялық теннисші Елена Остапенкоға (WTA 14-ші нөмір) екі сетте 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын бір сағат тоғыз минутқа созылды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz