Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Мейрамбек Қартбай: «Олимпиадаға баратынмынды сездім»

Еркін күрестен 57 келі салмақта ақтөбелік спортшы Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Күрес түрлері бойынша лицензиялық турнирлер легі аяқталғанына қарамастан, ресейлік спортшылардың олимпиадаға баруға бас тартуына байланысты United World Wrestling (Халықаралық күрес федерациясы) тізімді қайта қарап, квота берілген елдерді жариялады.

2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Мейрамбек Заур Угуевке есе жіберген болатын. Одан кейін салмақ бойынша үздік бестікке лицензия берілді. Енді квоталар қайта бөлінгеннен кейін Қартбай Парижге жолдама алады.

«Олимпиадаға баруым мүмкін екенін сездім. Өйткені,  Ресей құрамасының қатысу-қатыспауы әу бастан белгісіз болды. Сондықтан, жаттығуды бір сәтке де тоқтатқан емеспін. Қазіргі таңда ұлттық құрамамен бірге Дағыстанда дайындалып жатырмын. Жолдама маған бұйырғанын естігенде, әрине, қуандым. Бірақ мен соңғы екі іріктеу турниріне қатысқан командаластарыма да тілеулес болдым.

Кілемде ғана қарсыласпыз. Өмірде бір- бірімізге жанашырмыз. Енді Париж додасы күтіп тұр. Олимпиадада оңай қарсылас жоқ. Бірақ мен бәрімен де күресіп көрдім, бәрінің де ыңғайын білемін. Бар күшімді саламын, қалғанын кілем көрсетеді», — дейді Қартбай.

Айта кетейік, Мейрамбек Қартбай 2024 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, қазіргі таңда еркін күрестен 57 келі салмақта әлемдік рейтингте төртінші орында тұр.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz