Бүгін, 10 шілдеде «Ордабасы» еурокубоктегі, нақтырақ айтсақ Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді. Матч Қ. Мұңайтпасов атындағы жергілікті стадионда Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Шымкенттік клуб Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде Молдова біріншілігінің жеңімпазы «Петрокубпен» кездеседі. Бұл команда да «Шерифтің» гегемониясын тоқтатып, тұңғыш рет ел чемпионы атанып отыр. Ойыншыларының басым бөлігі жергілікті футболшылардан жасақталған. Transfermarkt cайтының мәліметтеріне сәйкес, «Петрокуб» ойыншыларының құны 6,08 миллион еуроға бағаланса, «Ордабасының» құрамы 11,05 миллион еуроны құрайды. Сондықтан шымкенттіктер фаворит ретінде бағаланады.
«Ордабасы» өткен маусымда алғаш рет чемпиондық атағын жеңіп алды. Бұл Еуропадағы басты клубтық турнирге қатысуға мүмкіндік берді. Дәл қазіргі уақытта тәжірибесі аз болғанына қарамастан, Александр Седнев шәкірттері матчтың фавориттері болып табылады және жанкүйерлер оларды қолдап, бірінші матчта жеңіске жетуге тырысады деп үміттенеміз.
Ал «Петрокуб» Чемпиондар лигасының дебютанттары. Бұл жерде екі команданың да тәжірибесінің аздығы бірден байқалуы мүмкін. Бірақ, «Ордабасаның» бір артықшылығы – соңғы бірнеше ай бойы үздіксіз ойындар өткізіп отырды.
Қарымта кездесу 17 шілдеде Кишиневте өтеді. Егер «Ордабасы» «Петрокубтан» айласын асырса, екінші іріктеу кезеңінде кипрлік АПОЭЛмен өзара мықтыны анықтайды.