Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Мария Агапова октагонға қайта оралды

14 шілде, жексенбі күні таңертең UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова (10-4) екі жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралмақ.

Агапова Денвердегі (АҚШ, Колорадо штаты) UFC on ESPN 59 турнирінде өнер көрсетеді. Онда ол бразилиялық Луана Сантоспен жекпе-жекке (7:1) шығады. Тікелей трансляция Астана уақытымен 04:40-та басталады және UFC ресми сайтынан тамашалауға болады. Осы орайда Мария Агапова алдағы жекпе жекке қатысты пікір білдірді.

«Луананың джиу-джитсуы өте жақсы. Менің ойымша, ол мені торға тіреп, қылқындыру әдісін пайдаланады. Егер ол менің жекпе-жегімді көрген болса, соңғы қарсыласым да солай жасады. Ол дәл солай жасауға тырысатынына сенімдімін және біз бұған дайынбыз. Сол жекпе-жекке дейін мен де басқа кездесулердегідей қобалжыдым. Жеңілсем де, мен одан ләззат алдым. Мұның барлығы жекпе-жек үшін жақсы тәжірибе болды. Енді жеңіске жеткім келеді және сол  үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», — деді Агапова.

Айта кетейік, Мария Агапова үшін бұл UFC-дегі екі жылдық үзілістен соң алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізген. Ол уақытта екінші айналымда канадалық Джиллиан Робертсонға (14-8) жеңіліп қалған болатын.

Луана Сантосқа келер болсақ, ол желтоқсан айында швейцариялық Стефани Эггермен (8-5) жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz