14 шілде, жексенбі күні таңертең UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова (10-4) екі жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралмақ.
Агапова Денвердегі (АҚШ, Колорадо штаты) UFC on ESPN 59 турнирінде өнер көрсетеді. Онда ол бразилиялық Луана Сантоспен жекпе-жекке (7:1) шығады. Тікелей трансляция Астана уақытымен 04:40-та басталады және UFC ресми сайтынан тамашалауға болады. Осы орайда Мария Агапова алдағы жекпе жекке қатысты пікір білдірді.
«Луананың джиу-джитсуы өте жақсы. Менің ойымша, ол мені торға тіреп, қылқындыру әдісін пайдаланады. Егер ол менің жекпе-жегімді көрген болса, соңғы қарсыласым да солай жасады. Ол дәл солай жасауға тырысатынына сенімдімін және біз бұған дайынбыз. Сол жекпе-жекке дейін мен де басқа кездесулердегідей қобалжыдым. Жеңілсем де, мен одан ләззат алдым. Мұның барлығы жекпе-жек үшін жақсы тәжірибе болды. Енді жеңіске жеткім келеді және сол үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», — деді Агапова.
Айта кетейік, Мария Агапова үшін бұл UFC-дегі екі жылдық үзілістен соң алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізген. Ол уақытта екінші айналымда канадалық Джиллиан Робертсонға (14-8) жеңіліп қалған болатын.
Луана Сантосқа келер болсақ, ол желтоқсан айында швейцариялық Стефани Эггермен (8-5) жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.