13 шілдеде Волгоградта Ресей чемпионы әрі ел кубогының иегері Санкт-Петербор командасы «Зенит» пен Премьер-лиганың күміс жүлдегері «Краснодар» арасында кездесу өтті.
Матч 2018 жылғы әлем чемпионатына арналған стадион «Волгоград Аренада» өтті. Ол Волга жағасында орналасқан. Арена 45 мың көрерменге арналған.
Кездесу қорытындысы бойынша «Зенит» 4:2 есебімен жеңіске жетті. Санк-петерборлық команда сапынан Родриго (13-минут), Вендел (33-ші) және Максим Глушенков (42-ші және 68-ші) гол соқты. «Краснодар» командасынан Никита Кривцов (65-ші) пен Федор Смолов (70-ші) көзге түсті. Ал «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп 66-минутта алаңға шықты.
Осылайша «Зенит» Ресей суперкубогының иегері атанды. Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда санк-петерборлық клуб чемпиондық пен ел кубогын жеңіп алып, «алтын дубль» жасаған болатын. Нұралы Әліптің 2023/24 маусымындағы өнеріне келсек, ол Ресей кубогының финалында 37 матч өткізіп, бір гол соқты.