Чили құрамасының спортшысы 58 жаста Олимпиада ойындарында дебют жасамақ. Қазір оның жасы 57-де, бірақ 17 шілдеде ол тағы бір жасқа қартаяды.
Қытайлық Цзэн Чжийин сонау 1986 жылы ұлттық құрамадан кетіп, Чилиге қоныс аударады. Онда ол Икике қаласында өзінің жиһаз компаниясын ашып, үстел теннисін ұмыт қалдырды.
Дегенмен, пандемиядан кейін бәрі өзгерді. Карантинге байланысты Цзэн үйіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, сүйікті ісімен айналысуға уақытын жұмсай бастады.
Пандемиядан кейін шектеулер алынып тасталып, Цзэн Чжийин бірнеше жергілікті турнирлерге қатысты және өзі қатысқан барлық жарыстарда жеңіске жетті. 2023 жылға қарай ол Чилиде ең жоғары рейтингке ие болды. Біраз уақыттан кейін ол Панамерика ойындарда қола жүлдегер атанып, Чили құрамасынан орын алу құқығына ие болды. Нәтижесінде ол Парижге де жолдама алды.