Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше өтеді

Ойындарды ұйымдастыру комитетінің, Париж қаласының, Франция үкіметінің, ХОК және Францияның Ұлттық Олимпиада және спорт комитетінің бірлескен күш-жігерінің арқасында ашылу салтанаты жаңаша форматта өтеді.

Ашылу салтанаты біреу, ал жаңалықтар бірнеше

2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын ерекше және бірегей деп атауға болады. Бұл Олимпиада тарихындағы ең есте қалатын сәттердің бірі болары сөзсіз.

Олимпиаданың ашылу салтанаты стадионнан тыс жерде өтеді

Жазғы Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет ашылу салтанаты стадионда өтпейді. Париж 2024 қалада спортты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және қаланың қақ ортасындағы негізгі су жолы – Сена өзенінің бойында ашылу салтанатын ұйымдастырады.

Өзендегі ашылу салтанаты

Спортшылар шеруі Сена бойында өтеді. Өзен бойымен әр делегация жеке-жеке қайықпен жүреді. Салтанатты шараны теледидар немесе интернет арқылы тамашалайтын көрермендер спортшыларды жақыннан көре алатындай барлық командалық қайықтар камералармен жабдықталады. Шығыстан батысқа қарай өзен бойымен 10 500 спортшы Париждің орталығын кесіп өтеді. Сол аймақта ойындар өтеді және спортшылар алдағы 16 күн ішінде өз шеберліктерін көрсетеді. Шеру 6 шақырым жолды жүріп өтіп, Трокадероның алдында аяқталады. Онда салтанатты іс-шараның қалған бөлігі және шоу өтеді.

Көптеген көрермендер үшін салтанатты шарағаи кіру тегін

Кең аудиторияға ашық және көптеген көрермендер үшін кіру жарнасы жоқ салтанатты өткізу – төртжылдықтың басты додасындағы алға жасалған үлкен қадам.

Жанкүйерлерге жоғарғы айлақтарға кіру үшін билет қажет емес. Бірақ Аустерлиц көпірінен Йена көпіріне дейінгі төменгі айлақтарға кіргісі келетін жанкүйерлер билет сатып алуы керек. Сексен алып экрандар мен динамиктер баршаға Франция астанасына тарайтын бұл шоудың сиқырлы атмосферасынан ләззат алуға мүмкіндік береді. 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Ойындар тарихындағы ең ауқымдысы болмақ.

Шеру Сена өзенінің бойымен шығыстан батысқа қарай 6 шақырымға созылады. Ол Ботаникалық бақтың жанындағы Аустерлиц көпірінен басталып, қала орталығындағы екі аралды (Сен-Луи аралы мен Сите аралы) айналып өтіп, бірнеше көпірлердің астынан өтеді. Спортшылар қайықтан Ойындар өтетін орындарды, соның ішінде «Келісім алаңын», мүгедектер эспланадасын, Гран-Пале және ең соңында шеру аяқталатын Трокадеродағы соңғы іс-шара өтетін Йена көпірін көре алады.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындары Парижде 2024 жылдың 24 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. Франция астанасына 206 елден 10 мыңға жуық спортшы келеді. Спортшылар 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz