Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Тобыл» Еурокубоктағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қостанайлық «Тобыл» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойында өз алаңында словакиялық «Ружомберокты» жеңді.

Кездесу 1:0 есебімен Тобылдың жеңісімен аяқталды. 8-минутта-ақ Ахмед Эль-Мессауди гол соқты. Бірінші ойыннан кейін қостанайлықтар екі орталық қорғаушыдан тұратын құрамға көшті және бұл нәтиже берді. Алаң ортасына қосымша ойыншы алған команда допты көбірек бақылауға кірісті. Нәтижесінде «Ружомберокты» қысымға алды. Есеп ашылған соң словакиялықтардың гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ, Стас Покатилов тамаша ойнады.

Сонымен қатар «Тобыл» ойыншыларының физикалық тұрғыдан ақсап тұғанын байқауға болады. Жалпы, қостанайлық команда толық физикалық дайындықта болғанда, «Ружомберокты» еш қиындықсыз жеңіп, еурокубоктегі өнерін жалғастырар еді.

Осы жеңісіне қарамастан, өкінішке қарай «Тобыл» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама ала алмады. Өйткені командалардың Словакиядағы бірінші кездесуі «Ружомбероктың» ірі жеңісімен аяқталды — 5:2. Енді қостанайлықтар Конференция лигасына жолдама алып, екінші турда швейцариялық «Санкт-Галленмен» ойнайды. Ал словакиялық команда Еуропа лигасының екінші турында түріктің «Трабзонспорымен» кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz