Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаты қарсаңында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Дайындық процесінің бірінші кезеңі 5-18 тамыз күндері аралығында Алматыда өтеді. Артынша 5 қыркүйекке дейін Астанада жалғасын табады. 6-10 қыркүйек күндері Алматыда оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Өзбекстанға аттанады. Оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше бақылау матчы жоспарланған. Қарсыластар туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланады. ОЖЖ-ға 21 футболшы шақырту алды. Нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Айта кетейік, биыл Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков, Ерасыл Шарапиденов, Қанат Жеткірбаев;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Лео, Азат Валиуллин, Шыңғыс Есенаманов, Абдурасул Абдуманапұлы, Арнольд Кнауб, Қайрат Иманалин, Төрехан Досов, Жахангир Рашит, Нұрқанат Бахтияров, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Семен Тарасенко, Дамир Қайырбай.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz