Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Мұхамедсабыр Базарбайұлы: «Бапкерлердің тапсырмаларын толығымен орындадым»

63.5 келі салмақта өнер көрсететін Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париждегі Олимпиада ойындарының 1/8 финалында Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті. Жекпе-жек аяқталған соң былғары қолғап шебері кездесуге қатысты өз пікірін білдірді.

«Екінші жеңісімен қол жеткізіп отырмын. Олимпиадаға осал қарсыластар келмейді. Барлығы мықты. Қарсыласым Азия ойындарында екінші орын алған, өте тәжірибелі боксшы. Дегенмен екінші жекпе-жек болған соң рингке бейімделіп, бапкерлер қойған тактикаларын, тапсырмаларын толығымен орындадым», — деді Базарбайұлы жекпе-жектен кейін.

Бірінші айналымда Мұхамедсабыр Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын. Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді. 1/4 финалда Базарбайұлы Лаша Гурулимен жұдырық түйістіреді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz