Максим Самородовтың ізімен «Тобыл» вингері Ислам Чесноков Адиев баптайтын «Ахмат» командасынан бірақ шықпақ.
Еурокубоктік ойындардан кейін «Тобылда» қалудың еш мәнісі жоқ екенін түсінген Чесноков мансабын РПЛ-да жалғастыруды құп көріпті. Сол себеті ол Максим Самородов артынан грозныйлық «Ахмат» қатарына қосылады. Рамзан Қадыровтың баласы басқаратын ұжым осы маусымда өз алдына топ-5 қатарынан табылуды мақсат етіп отыр. Ал бұл жоспарда Магомед Мұсаұлына таныс Максим Самородов пен Ислам Чесноков көмектесе алады. Екеуі де бапкердің тактикасынан хабардар және құрамада бір-бірін жақсы түсінеді. Сондықтан қос футболшының қалауы ортадан шығуы заңдылық.
24 жастағы ойыншы «Тобыл» үшін жалпы алғанда 50 ойын өткізіп, 12 гол мен 7 голдық пас берді. Чесноковтың қостанайлық клубтағы келісімшарты осы жылдың аяғында тәмамдалады.
Трансфермаркет Исламды 400 мың еуроға бағалайды.