Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

UFC Қазақстанда турнир өткізгісі келеді

UFC-дің халықаралық істер жөніндегі вице-президенті Дэвид Шоу Абу-Дабидегі UFC Fight Night кешінен кейін өткен баспасөз мәслихатында турнирлерді өткізуге қай елдер қарастырылып жатқаны туралы айтты.

«Сауд Арабиясымен жасалған тәжірибеден кейін осы аймақтағы келесі елдер Бахрейн мен Иордания бар.  Ал Еуразияда Қазақстанда, Грузияда және Әзербайжанда біз жаңа турнирлерді өткізу жайлы зерттеп, бағалаудамыз және мүмкіндіктер бар. Бірақ, бүгін мен барлық мәліметтерді ашып айта алмаймын», — деді Шоу.

Осыдан төрт жыл бұрын UFC промоушіні «UFC Fight Night» турнирін Қазақстанда 2020 жылдың 13 маусымында «Астана Аренада» өткізгісі келген. Алайда коронавирус кедергі болды. Бұл турнирдің басты оқиғасы ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Марлон Мораес арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жек болады деп жоспарланған болатын.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын UFC қазақстандық Мария Агапова (10-5) мен Сергей Морозов (18-5) енді аталмыш промоушнде өнер көрсетпейтінін хабарлады. Агапова соңғы жекпе-жегін 13 шілдеде өткізіп, бразилиялық Луана Сантостан (8:1) мерзімінен бұрын жеңіліп қалды. Ол үшін бұл екі жеңіске жетіп, төрт рет сәтсіздікке ұшыраған әлемнің ең үздік лигасымен келісім-шарт бойынша соңғы жекпе-жек болды.

Ал Морозов UFC-де соңғы рет 2022 жылы 25 маусымда жекпе-жек өткізіп, бразилиялық Раулиан Пайваны (22-5-1) бірауыздан ұтқан болатын.

Қазіргі таңда UFC турнирлерінде Қазақстан атынан бес спортшы — Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан және Николай Веретенников өнер көрсетеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz