Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Париж 2024. Алтын медаль алтыннан жасалған ба?

2024 жылы Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшылардың әрқайсысы медаль алуды армандайды. Бірақ марапаттардың өзі қанша тұрады және олардың құрамында қанша алтын бар?

Экономист Диего Каччапуотидің әрбір олимпиадалық медаль санатының құндылығы туралы қызықты түсінік беретін жаңа зерттеуі Eurosport басылымында жарияланды. 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар медальдарының бағасын есептей алмауы мүмкін. Бірақ экономистер есептеп, олардың құны жыл өткен сайын арта түсуі мүмкін деп отыр.

Алтын медаль

1912 жылы Стокгольмде өткен жазғы Олимпиада ойындарына дейін алтын медальдар шын мәнінде алтыннан жасалған болатын. Дегенмен, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ақшаны үнемдеу үшін 1920 жылғы Антверпен ойындарынан бастап медальдардағы алтын мөлшері азайтылып отырды.

Айта кету керек, Олимпиада алтынының салмағы 529 грамм және 95,4 пайыз күміс (505 грамм). Медаль үшін жабын ретінде бар болғаны 6 грамм таза алтын, ал 18 грамм темір пайдаланылады.

Егер алтын медаль таза алтыннан жасалған болса, оның құны 41 000 доллардан асатын еді.

Экономикадағы жаһандық болжау және талдау саласындағы жетекші Oxford Economics компаниясының сарапшылары 2024 жылғы Олимпиаданың алтын медалінің құнын 950 еуроға бағалап отыр. Бағалау бір грамм үшін 24 карат алтын мен стерлинг күмістің ағымдағы нарықтық құнына сәйкес келеді.

Ал Eurosport экономист Диего Каччапуоти әр медальдың құнын есептеген тұтас зерттеуді жариялады. Оның ойынша, Париж Олимпиадасы басталғанда алтын медальдың құны 1027 доллар болған. Ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында орнатылған 708 доллар рекордынан асып түсті. Каччапуоти сондай-ақ 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиадаға дейін алтын медаль құны 1136 долларды құрайтынын, ал 2032 жылы Брисбенде өтетін ойындарға қарай баға 1612 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп есептеді.

Күміс медаль

Олардың алтыннан айырмашылығы, күміс медальдар таза күмістен жасалған. Күміс жүлдегерлер медалінің салмағы 525 грамм болса, оның 507 граммы күмістен, 18 граммы темірден жасалған. Құны шамамен 486 доллар болды. Каччапуоти есептеулері бойынша оның қазіргі құны шамамен 535 долларды құрайды және баға өсе береді.

Қола медаль

Қола жүлдегерлер жүлдесін сатуға тырысса, көп ақша табуы екіталай. Сарапшылар қола жүлденің құнын небәрі 4,6 долларға бағалаған. Ол 415,15 грамм мыс пен 21,85 грамм мырыштан тұрады.

Дегенмен спортшы үшін медальдардың қанша тұратыны маңызды емес. Әрбір спортшының басты арманы Олимп шыңын бағындыру. Медальдің құны оның қанша тұратынында емес, оның қаншама жарқын эмоциялар сыйлайтындығында және жылдар бойы төккен тердің жемісі екенін ұмытпайық.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz