Абдумалик Халоков 57 келі салмақтағы финалда қырғызстандық Мунарбек Сейитбек Уулын 5:0 есебімен ұтты. Бір қызығы, қырғыз боксшысы Париждегі Ойындарға бапкерсіз және секундантсыз жалғыз келген. Ел басшылығы Мунарбектің жетістігіне сенбегені сонша, оған 1/4 финалға дейін елге қайтар билет сатып алған. Өзбекстан бапкері боксшыға көмектесуге келісіп, оның секунданты болды. Олар күтпеген жерден финалға дейін жетті. Мунарбек үшін финал ерекше болды. Себебі осы уақытқа дейін Парижде өзіне көмектескен Абдумалик Халоков пен бапкер финалда оны қарсы алды. Дегенмен бұл жолы Мунарбекке көмектесетін бапкер болмады.
Айта кетейік, 24 жасында Халоков әуесқой бокста басты турнирлерде, оның ішінде жасөспірімдер мен ересектер Олимпиадасында, жасөспірімдер мен ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында, Азия чемпионаттарында және Азия ойындарында жеңіске жетті.
28 жастағы Мунарбек Олимпиада мен әлем чемпионатында бокстан жүлде алған алғашқы қырғызстандық атанды. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалда Халоковтан жеңіліп, қола жүлде иеленді. Мұнарбек Олимпиада күмісін иеленген бесінші қырғызстандық.
Ал Баходир Жалолов Өзбекстанға бокстағы бесінші алтынды әкелді. Өзбекстан 2024 жылғы Олимпиадада жеті салмақтың бесеуінде алтын алып отыр. Париж-2024 финалында Джалолов испаниялық Айюб Гадфуды жеңді. Бірінші раундтың өзінде Джалолов Гадфуды екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Финалға дейін Джалолов норвегиялық Омар Шихті, аустралиялық Теремоане Теремоане мен германиялық Нелви Тиафаканы жеңсе, ал Гадфу Парижде алғашқы айналымда қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты жеңіп, сенсация жасады.
30 жастағы Джалолов Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы (2019, 2023), 2022 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы және үш дүркін Азия чемпионы. 2018 жылдан бері Джалолов кәсіпқой бокста да өнер көрсетіп келеді. Ол 14 жекпе-жектің барлығын да нокаутпен жеңген.
Сонымен өзбекстандық боксшылардан Баходир Жалолов, Абдумалик Халоков, Хасанбой Дусматов, Асадхуджа Муйидинхуджаев пен Лазизбек Муллажонов Париж Олимпиадасында алтыннан алқа тақты.