Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Әмір Закиров жүрек тебірентерлік жазбасымен бөлісті

Париж Олимпиадасында брейкингтен өнер көрсеткен Әмір Закиров жейдесіндегі бейнеленген суреттің тарихы жайлы айтып берді.

«2019 жылы 11 желтоқсанда балалық шағым өткен үйде өрт болды. Атам шырт ұйқыда жатқанда қайтыс болды. Әкем 13 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған.

Бұл фотоны 4 жылдан кейін өрт болған үйге кіруге батылым жеткенде түсіріп, кейін жейдеме сол бейнені салғыздым.

Әкем жақсы әке болды деп айта алмаймын. Оның қателіктерінен бала кезімде тым көп қиындықтарды бастан өткердім және менің биім де сол жайлы. Мен сені кешіремін, әке. Бұдан былай ойым да, шығармашылығым да шарықтай түседі» — деп жазды Әмір өзінің instagram парақшасында.

Айта кетейік, 2023 жылдың ақпан айында Закиров Жапонияда өткен Breaking for Gold брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды. Жарысқа әлемнің 48 елінен 180 мықты брейк-дансерлер қатысты. Ал, биыл Парижде өткен Олимпиада ойындарында Әмір ширек финалға дейін жетті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz