Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Қазақстан футзалдан әлем чемпионаты алдындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Бүгін, 22 тамызда Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында бес жолдастық кездесудің алғашқысын өткізіп, құрамамыз Тәжікстанды 3:0 есебімен ұтты. Қазақстандық команда сапынан Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Ақжол Дәрібай гол соқты.

Бұл 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатына дайындық аясындағы бес жолдастық кездесудің алғашқысы. Командалар екінші матчын 24 тамызда өткізеді. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиыны барысында Аргентина мен Иранға қарсы ойнайды.

Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қаласында – Ташкент, Бұхара және Әндіжанда өтеді. D квартетінде Рикардо Кака шәкірттері Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамаларымен ойнайды.

Тәжікстан да әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Оның Е тобындағы қарсыластары Португалия (қазіргі чемпион), Панама және Марокко құрамалары болмақ. Әр топтан үздік екі команда және үшінші орын алған төрт үздік команда плей-офф кезеңіне өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz