Сенбі күні ұзақтығы 211,1 шақырымды құрайтын «Германия туры» веложарысының үшінші кезеңі өтті. Осы сайыста спринтте елордалық команда шабандозы Макс Кантер екінші орынға ие болды.
«Кезең өте қиынға соқты және ұзақ болды. Бұдан бөлек аптап ыстық та үлкен рөл атқарды. Қолдау көрсеткен командаға үлкен рахмет айтқым келеді. Жігіттер үнемі көмек көрсетіп, су мен мұз әкеліп отырды. Сөйтіп, финалға дейін бар күшімді сақтап қалдым. Соңғы шақырымдарда Глеб Сырица мен Рюдигер Зелиг үнемі жанымда болды. Содан кейін Рюдигер мені өте жақсы позицияға шығарды. Спринтте қолымнан келгеннің бәрін жасадым және екінші орынға ие болдым», — деді Макс Кантер жарыс аяқталған соң.
Лидл-Трек командасынан италиялық Джонатан Милан кезең жеңімпазы атанды. BORA-hansgrohe командасынан бельгиялық Джорди Меуйс үздік үштікті түйіндеді.
Жарыс жолына шыққан бірқатар астаналық шабандоздардан Рюдигер Зелиг жарысты 67-ші, Глеб Сырица – 91-ші, Йонас Рейбш – 99-шы болып мәреге келді. Евгений Федоров пен Евгений Гидич сайысты мерзімінен бұрын аяқтады.