Бүгін, 26 тамызда маусымның соңғы «Үлкен дулыға» турнирі — АҚШ ашық чемпионаты басталады. Бірінші ойын күні аясында көрермендерді Қазақстан теннисшілерінің қатысуымен екі кездесу күтіп тұр.
Дүйсенбі күні екі қазақстандық теннисші – Александр Бублик пен Александр Шевченко Нью-Йорк (АҚШ) корттарында өнер көрсетеді. 27 жастағы Бублик үшін бұл АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне қатарынан алтыншы рет қатысуы және оның көрсеткен ең жоғарғы нәтижесі үшінші айналым болды. 23 жастағы Шевченкоға келсек, ол былтыр бірінші айналымнан сүрінді.
Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де Бублик 11-кортта алғашқы кездесуін өткізеді. Ол 19 жастағы қытайлық Цзюньчэнмен кездеседі. Бұл оның АҚШ ашық чемпионатындағы дебюті.
Жеке кездесулердегі есеп Бубликтің пайдасына 1:0. Биыл олар Индиан-Уэллс қаласында өткен турнирде өнер көрсетті. Ол уақытта қазақстандық теннисші 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Ал 14-корттағы үшінші ойын шамамен сағат 23:15-те басталады. Кортқа Шевченко мен 30 жастағы неміс теннисшісі Доминик Копфер шығады. Екі қазақстандық та рейтингте қарсыластарынан жоғары. Олар биыл да жеңіп үлгерді. Сондықтан екі Александр да ұқсас нәтижені қайталап, АҚШ ашық біріншілігінің екінші кезеңіне сенімді түрде өтуге мүмкіндігі мол.
Айта кетейік, биылғы АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңінде Қазақстанның бес өкілі – қыздар арасында екі теннисші, ерлер арасында үш теннисші өнер көрсетеді. Тимофей Скатов, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева алғашқы кездесулерін ертең өткізеді.