Бізге келіп жеткен ақпараттарға сәйкес алматылық клуб басшысы «Қайрат» «Астанадан» жеңілген соң киім ауыстыратын бөлмеге барып, Кержаковты балағаттаған. Ал, ертесі күні Кержкаков клуб сапынан кететінін мәлімдеді.
«Кеше таңертең мен жұмыстан кеттім. Бұл мен үшін қиын шешім болды,өйткені мен осында жұмысты жалғастырғым келді. Біз ойын тұрғысынан өте маңызды жетістіктерге жетіп, жақсы нәтиже көрсеттік. Бізбен бірге «Қайрат» көптен бері алғаш рет турнирлік кестеде көш бастады және чемпионаттың аяқталуына алты тур қалғанда чемпион атануға нақты мүмкіндігі бар. Бірақ, мен үшін бас бапкер ретінде жұмысымда көз жұма қарауға болмайтын дүниелер де бар. Орын алған жайт клубтың ішінде қалсын. Команда мен жігіттерге жеңіс пен сәттілік тілеймін», — деді Кержаков «Чемпионат» тілшісімен сұхбатында.
Айта кетейік, «Қайрат» дәл қазір ішкі біріншілікте көш бастап тұр. Кержаков жаттықтыратын алматылық клуб қоржынында 32 ұпай бар. Ресейлік бапкер алматылық команданы мамырдың аяғында тізгіндеген еді. Осы аралықта Кержаковтың клубы ҚПЛ аясында 9 матч өткізіп, 5 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ, 2 кездесуде қарсыластарымен ұпай бөлісіп, тағы екі бәсекеде жеңіліс тапты.