Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Паралимпиадашылар ел намысын абыроймен қорғауда

Ақмарал Науатбек — XVII жазғы Паралиампиада ойындарының жеңімпазы атанды. Ол пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдесіп, Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол франциялық Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтыннан алқа тақты.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

«Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!» – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль иеленді. Айта кетейік, финалға дейінгі іріктеуде қазақстандық спортшы Азия рекордын орнатқан еді.  Жұмағали спорттық мансабында екінші рет Паралимпиада жүлдесін алып отыр. Токио ойындарында қазақстандық спортшы қола медаль жеңіп алған болатын.

Осылайша Парижде паралеттеріміз әзірге бес медаль еншіледі: Давид Дягтерев (пауэрлифтинг) Ақмарал Науатбек (дзюдо) Еркін Ғаббасов (нысана көздеу) Нұрдәулет Жұмағали (жүзу) Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика – ядро ​​лақтыру).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz